2010 жылдың 14 маусымында Катонқарағай ауданы , Ақмарал аулына жақын жерде тез өсетін теректерді отырғызуға арналған «Орман күні» науқаны өткізілді. Науқанға «Кедр», «Өр- Алтай», «Жерұйық», «Ұлар» мектеп орманшылық мүшелері, Катонқарағай МҰТП жұмысшылары, Аққайнар ауылдық округінің әкімшілігі ,Аққайнар, Қызыл - Жұлдыз , Ақмарал ауылының тұрғындары , «Катонқарағай марал паркі» шаруа қожалығының жұмысшылары жалпы саны жүзден астам адам қатысты.