
Маусым айының 8 күні Катонқарағай ауылының
мәдениет үйінде Катонқарағай ауданының жалпы білім беру мекемелері мен ұлттық
табиғи паркінің орманшылықтарының арасында өткізілген «Парктер шеруі 2011»
халықаралық табиғатты қорғау акциясы сайысының қорытындысы бойынша
жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді. Мерекелік іс-шара 1972 жылы
Стокгольм қаласында БҰҰ бас ассамблеясының келісімімен бекітілген және жылда
дүниежүзінде 5 маусымда аталынатын Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне
ұштастырылды.