Ормандарды қорғау – табиғат
қорғау іс-шараларының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі.
Орманды пайдаланушылар,
мемлекеттік емес орман қоры аумағында
жұмыстарды жүзеге асыратын немесе болатын басқа да жеке және заңды
тұлғалар ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа тартылады. Өрт қауіпсіздігі
талаптарын және санитарлық ережелерді бұзғаны үшін азаматтарға, сондай-ақ
лауазымды және заңды тұлғаларға айыппұлдар
қарастырылған.