Дүниежүзілік туризм күні аталып өтті

Дүниежүзілік туризм күні Катонқарағай ауданында жыл сайын аталып өтіледі. Биылғы жылы бұл мереке «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл» ұранымен қыркүйек айының 30 жұлдызында Катонқарағай ауылының В.И.Ленин атындағы орта мектебінде бүкіл әлем білетін күлкі мен қалжыңнан, сұрақ пен жауаптан тұратын баршамызға белгілі КВН ойыны ретінде болып өтті..
Іс-шараның ашылуы Катонқарағай МҰТП-нің бас директорының орынбасары Р.Н.Қырықбаева мен В.И.Ленин атындағы орта мектебінің директорының тәрбие жөніндегі орынбасары У.А. Боранбаеваның және «Арай-Луч» аудандық газетінің меншікті тілшісі Ж.Қызырдың құттықтау сөздерімен басталды. Бұл ойынға В.И.Ленин, Е.П.Рыков, Қабырға, Топқайын және Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты.

27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні

Дүниежүзілік туризм күні 1979 жылы Испанияның Торремолино қаласында Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас ассамблеясының ІІІ сессиясында бекітілген. Мерекенің басты мақсаты - туризмді насихаттау, оның әлемдік қауымдастық экономикасына үлесін жариялау, түрлі елдердің халықтары арасындағы байланысты дамыту. Бұл мейрам әлем елдерінің көпшілігінде тойланып, туристер басқосуы ұйымдастырылып, мерекелік шаралар мен фестивальдер өткізіледі.

Жас орманшылар слеті

Gathering of young forestry specialists

5-6 тамызда Шығыс Қазақстан Облысі, Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылы маңында бірінші рет «Шығыс Қазақстанның табиғи және орман байлықтарын қорғайық» деген ұранмен облыстық оқушылар орманшылығы және экологиялық топтардың слеті өтті.

Слетті Катонқарағай МҰТП және «Шұғыл туризмді түрлерін және «Орион» скауттық қозғалысын дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Исток»  қоғамдык бірлестігі, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасы, облыстық білім беру Басқармасы, ШҚО Аймақтық орман және аңшаруашылығы инспекциясы бірлесе отырып өткізді. Қаржылық көмекті  ШҚО облыстық ішкі саясат Басқармасы  көрсетті.

Слеттің тақырыбы, оқушыларды табиғатты қорғау, ғылыми- тәжірибелік жұмыстарға тарту, табиғатқа аялай қарау, табиғатты пайдалануда оңтайлы экологиялық  қатынас жасауға тәрбиелеу мәселелеріне  арналды.

Слетке Катонқарағай, Бесқарағай аудандарының, Семей, Риддер, Зырян   қалалары мектеп орманшылықтары қатысты.

Катонқарағай МҰТП
Ренат Есқазыұлы.

Өрт қаупі кезеңіне дайындық.

Өрт қаупі кезеңіне дайындық. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша өрт қаупі кезеңіне дайындық жұмыстары аяқталды. «Алтай-Саян экоаймағының Қазақстандық бөлігіндегі биоалуандықты сақтау» жобасы арқылы Катонқарағай МҰТП-е келіп түскен техникалар мен құралдар орманшылықтарға таратылып, бекітіліп берілді. Барлық орманшылықтарда өртке қарсы техникалар мен құралдар тексеруден өткізілді. Өрт қауіпі маусымы кезеңіне жанар-жағар май қоры дайындалды. Бас директордың бұйрығымен өрттерді сөндіру штабы құрылды.

Syndicate content