Дүниежүзілік туризм күні Катонқарағай ауданында жыл сайын аталып өтіледі. Биылғы жылы бұл мереке «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл» ұранымен қыркүйек айының 30 жұлдызында Катонқарағай ауылының В.И.Ленин атындағы орта мектебінде бүкіл әлем білетін күлкі мен қалжыңнан, сұрақ пен жауаптан тұратын баршамызға белгілі КВН ойыны ретінде болып өтті..
Іс-шараның ашылуы Катонқарағай МҰТП-нің бас директорының орынбасары Р.Н.Қырықбаева мен В.И.Ленин атындағы орта мектебінің директорының тәрбие жөніндегі орынбасары У.А. Боранбаеваның және «Арай-Луч» аудандық газетінің меншікті тілшісі Ж.Қызырдың құттықтау сөздерімен басталды. Бұл ойынға В.И.Ленин, Е.П.Рыков, Қабырға, Топқайын және Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты. 
Мереке мақсаты - туризмді насихаттау, түрлі елдердің халықтары арасындағы байланысты дамыту болды. Осы мақсатпен мектептерге алдын ала таратылған сайыстық бағдарлама бойынша әр топ өздеріне берілген елдер бойынша дайындаған өнерлерін ортаға салды. Сайыстың аты сайыс жеңгендер де, жеңілгендер де болады демекші: І-орынды В.И.Ленин атындағы орта мектебі, ІІ-орынды Е.П.Рыков атындағы орта мектебі, ал ІІІ-орынды балдары тең түскен Қабырға негізгі орталау мектебі мен Назарбаев зияткерлік мектебі иеленді. Барлық мектеп оқушылары естелік сыйлықтар мен ұлттық парктің құрмет грамотасымен марапатталды.
Мереке соңында Топқайың орта мектебінің дайындаған биші қыздарының сыйы барша көрерменді тәнті етті. Сондай-ақ В.И.Ленин атындағы орта мектебінің оқушысы М.Серіков өзінің әзілдерімен көрермен көзіне түсіп, белсене қатысқаны үшін ұлттық парктің құрмет грамотасына ие болды.
Осы іс-шараны өткізуге демеушілік көрсеткен В.И.Ленин атындағы орта мектебіне, Алтай орманшылығына және «Ақ қайың» сауықтыру кешеніне  алғысымызды білдіреміз.


Толкын БӨКЕЕВА
Катонқарағай МҰТП-нің
экологиялық ағарту және туризм
бөлімінің маманы