Өрт қаупі кезеңіне дайындық. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша өрт қаупі кезеңіне дайындық жұмыстары аяқталды. «Алтай-Саян экоаймағының Қазақстандық бөлігіндегі биоалуандықты сақтау» жобасы арқылы Катонқарағай МҰТП-е келіп түскен техникалар мен құралдар орманшылықтарға таратылып, бекітіліп берілді. Барлық орманшылықтарда өртке қарсы техникалар мен құралдар тексеруден өткізілді. Өрт қауіпі маусымы кезеңіне жанар-жағар май қоры дайындалды. Бас директордың бұйрығымен өрттерді сөндіру штабы құрылды.Суретте «Алтай-Саян экоаймағының Қазақстандық бөлігіндегі биоалуандықты сақтау» жобасы арқылы Катонқарағай МҰТП-е келіп түскен техникалар мен құралдар.

Орман қорғау инженері: Б.Алипин